Жыл басынан бері полицейлер іздеуде жүрген 58 қылмыскерді ұстады
Олардың кейбіріне Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров тоқталды.
Ақтау полицейлері өткен жылдың қараша айында дәмханалардың бірінде жанжалдың салдарынан мас күйінде қала тұрғынын ұрып-соққан жергілікті тұрғынды ұстады. Жәбірленуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Өзбекстанның Үшқорған қаласында жергілікті тәртіп сақшылары Алматы облысы ІІД криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қос кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады. 2012 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жұмыс істеп жүрген ер адам мас күйінде зейнеткерлердің үйіне заңсыз кіріп, кісі өлтіріп, ақша ұрлаған.
Елордалық полицейлер қостанайлық әріптестерімен бірлесіп 2020 жылы Астанадағы жобалық тұрғын үй кешеніне инвестиция салып, пәтерлерді броньдап жатыр деген желеумен тағы екі басшымен бірге ЖШС бірінің директоры мен құрылтайшысын ұстады. Бұған дейін де полицейлер ұсталып, тергеу жүріп жатқан ЖШС-тер 144 үлескердің 4 миллиард теңгеден астам ақшасын тәркілеген.
Сонымен қатар полицейлер із-түзсіз жоғалған 30 адамды тапты.