Жаңалықтар тізбегі
0

ТМД елдеріндегі арнайы операция барысында іздеуде жүрген 39 қазақстандық ұсталды

әскерилер, арнайы жасақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2022 14:20 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ТМД елдерінің криминалдық полициясымен бірлесіп «Іздеу» операциясын жүргізді, оның барысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 39 адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Ресей Федерациясының Хабаровск өлкесінде Қылмыстық іздестіру басқармасының қызметкерлері қала тұрғынын ұрлауға және өлтіруге қатысқаны үшін 2015 жылдың тамыз айынан бері іздеуде жүрген 36 жастағы Теміртау қаласының тұрғынын ұстады.

Сонымен қатар, Ташкентте Сарыағаш қаласының кәсіпкерінен 25 миллион теңге бопсалағаны үшін наурыз айынан бері іздеуде жүрген Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны ұсталды.

Сондай-ақ Тәжікстанның Соғды облысында 2019 жылдың қазан айында «Сүндет» дәмханасында кісі өлтіргені үшін Шымкент қалалық ІІБ іздеуде жүрген 27 және 30 жастағы Қазақстан азаматтары ұсталды.

Павлодар облысы полиция департаментінің жедел іздестіру тобы Самара облысының Тольятти қаласында 39 жастағы ер адамды ұстады. 2020 жылдың маусым айында Қазақстан аумағында бір топ адам «Қазпочта» АҚ ақпараттық жүйесіне заңсыз кіріп, қайталанатын мәмілелер жасап, 294 миллион теңгені жымқырған.

10 күндік операцияның қорытындысы бойынша республикадан тыс іздеуде жүрген 39 адам анықталып, ұсталды, атап айтқанда: Ресейде – 23, Өзбекстанда – 8, Қырғызстанда – 4, Тәжікстанда, Польшада, Моңғолияда және Латвияда – бір адам.

Сонымен қатар, Достастық елдері бойынша 152 адам (Ресей бойынша – 101, Өзбекстан – 24, Қырғызстан – 19, Түркіменстан – 4, Беларусь – 3 және Тәжікстан –1), Грузия мен Оңтүстік Кореяға – бір адам ұсталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: