Елімізде жарты миллионнан астам адамның табысы күнкөріс деңгейінен төмен

Елімізде жарты миллионнан астам адамның табысы күнкөріс деңгейінен төмен, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2023 11:57 Сурет: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 1 тамыздағы жағдай бойынша 538 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы айдағы дерек бойынша, 102,7 мың отбасындағы 538,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 65 млрд теңге бөлінді.

"Биыл 1 қаңтардан бастап берілген кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды. Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 166,5 мың балаға қосымша төлем тағайындалды". Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

АӘК отбасының әр мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне, сонымен қатар egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: