Еліміздің оңтүстігі мен шығысында ауа-райы жауын-шашынды болады

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді деп күтіледі.
"Қазгидромет" РМК 4-6 наурызға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.
Кезекті Атлантикалық антициклон еліміздің батысынан шығысына қарай солтүстік-батыс циклонымен қатар ойысып келіп, белсенді фронтальды бөліктерді құрайды. Оған сәйкес күн жауын-шашынды болады, республикамыздың оңтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар) және ауа температурасы құбылмалы сипатқа ұрынады.
Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді деп күтіледі.
Бөлісу
0
Толық оқу