Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы: тұман, көктайғақ, жауын-шашын
Синоптиктер 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: қар жауып, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын, тек еліміздің батысы мен солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтіледі. "Қазгидромет" РМК
Республикамыз бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейіп, көктайғақ болады деп күтіледі, еліміздің солтүстік-батысында, шығысында, орталығында бұрқасын болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аймақтарда, тау бөктеріндегі аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі, облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аумағында, тау бөктері аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарыда жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын, тұман болады деп күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі, облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде боран соғады, облыстың солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысында Алакөл көлдерінің маңында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.