Тұман, боран, көктайғақ. 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 6 желтоқсанға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын орын алып, солтүстікте боран соғады деп күтіледі. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстікте, солтүстікте жел күшейеді. "Қазгидромет" РМК
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі, таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с-ға күшейеді.
Түнде Алматы облысында Алакөл көл ауданы маңайында желдің секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.
Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын, ал өңірдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады, облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с-ға күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында бұрқасын, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, таулы аймақтарында, тау бөктерінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел екпіні секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.
Қызылорда облысының орталығында тұман түседі, түнде облыс орталығында көктайғақ болады.