Жаңалықтар тізбегі
0

Үсік, жауын-шашын, тұман: 14 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2021 23:09 pixabay.com
Түнде Павлодардың оңтүстігінде, Қарағанды қаласының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында 3 градус үсік жүреді деп күтіледі.

Синоптиктер 14 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстан Республикасының солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында атмосфералық шептік бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, солтүстік-батыста найзағай түсу ықтималдығы жоғары. Республикамыздың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман түсуі күтілсе, ал күндіз оңтүстікте жел күшейіп, екпіні 15-20 м /с құрайды.

Павлодар облысында түнде оңтүстікте тұман түсіп, күндіз оңтүстікте, шығыста жел күшейеді, екпіні - 18 м / с.

Қостанай облысында таңертең және күндіз найзағай жарқылдап, күндіз солтүстікте қатты жел тұрады, екпіні - 15-20 м / с.

Маңғыстау облысында күндіз оңтүстік-шығыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады, шаңды дауыл болады.

Ақмола облысында таңертең және күндіз солтүстік пен батыста жел екпіні 15-20 м / с күшейіп, ауа-райы тұрақсыз болады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста жел соғып, екпіні 15-20 м / с құрайды.

Атырау облысының батысы мен орталығында тұман түседі деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстік тұсында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Павлодардың оңтүстігінде, Қарағанды қаласының солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында 3 градус үсік жүреді деп күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Маңғыстауда, Түркістанда, Алматының көп бөлігінде, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының, Қостанайдың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, Қарағандыда, Батыс Қазақстанның солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: