Қазақстан мен Қырғызстан әскери ынтымақтастық туралы келісті

3 Наурыз 2021, 14:42
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан Президентінің ресми сапары аясында келген қырғыз әріптесі генерал-майор Талайбек Өмірәлиевпен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Тараптар әскери ынтымақтастықтың, өңірлік қауіпсіздіктің, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ шеңберіндегі көпжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Нұрлан Ермекбаев пен Талайбек Өмірәлиев Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету, сондай-ақ 20212 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспары туралы келісімге қол қойды.

Бүгінгі кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтар қорғаныс саласындағы бұдан әрі тәжірибелік өзара іс-қимылға негіз болады деп сенемін, - деп Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы атап өтті.

Кездесу барысында екі елдің Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы, соның ішінде осы жылы Қазақстан аумағында "Аңырақай" бірлескен оқу-жаттығуын өткізу, биылғы Армия халықаралық ойындарының сайыстарына қатысу, арнайы операциялар күштерін даярлау іс-шаралары, сондай-ақ әскери білім шеңберінде әрі қарай өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?