Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Қырғызстан өткізу бекетін реконструкциялау туралы келісті

miid.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2019 18:22 miid.gov.kz
Қазақстан мен Қырғызстан арасында бүгінгі таңда 7 өткізу бекеті жұмыс істейді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына жасаған мемлекеттік іссапары аясында қос елдің Үкіметтері арасында ҚР "Қарасу" мен Қырғыз Республикасының "Ақ тілек" өткізу бекеттерінің аралығында жаңа көпірдің құрылысы мен қолданыстағы көпірді реконструкциялау бойынша бірлескен шаралар туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімге сәйкес, өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары 2020 жылы Шу өзені арқылы өтетін көпірді қалпына келтіру жөніндегі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу шараларынан басталмақ.

Жоба аясында жүк және жеңіл көліктердің қозғалысына арналған жолақтар саны арттырылып, көпірдің әр елге тиесілі жақтарында жаяу жүргіншілер өтпелдері салынады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жолдарды жөндеу, жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жайластыру және жарықтандыру нысандарын орнату жұмыстарын қоса алғанда, "Қарасу" өткізу бекетінің көліктік инфрақұрылымы қалпына келтірілетін болады. Жобаны іске асыру "Қарасу" бекетінің өткізу қабілеттілігін 2 есе арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда көлемінің ұлғаюына себеп болып, екі елдің азаматтары үшін қолайлы жағдай жасайды. "Қарасу" бекетінің өткізу қабілеттілігі жылына 400 мыңға жуық автомобиль көлігі мен 850 мыңнан астам адамды құрайды. Жоспарға сәйкес жұмыстар 2021 жылы аяқталады.

Еске салайық, Қазақстан мен Қырғызстан арасында бүгінгі таңда 7 өткізу бекеті жұмыс істейді. Бұл: "Қордай", "Қарасу", "Сыпатай батыр", "Айша бибі", "Кеген", және "Сарытөбе" өткізу бекеттері. Келесі жылы "Бесағаш" өткізу бекетінің жұмысы қайта жанданып, "Кеген" өткізу бекетінің жұмыс уақыты ұзартылады. Осылайша, екі ел арасындағы шекараны 8 өткізу бекеті арқылы өту мүмкін болады.

Сондай-ақ, қазақстандық тараптың "Қордай" өткізу бекетін реконструкциялайтындығын да айта кету керек. Мердігер ұйым болып "ЖолҚұрылыс" ЖШС анықталды. Жоба 2020 жылы аяқталады деп күтілуде. Жаңғырту жұмыстарынан өткен соң "Қордай" бекетінің өткізу қабілеттілігі жылына шамамен 9 млн адам мен 900 мың автомобиль көлігін құрамақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: