Жаңалықтар тізбегі
0

"Қордай" және "Қарасу" автомобиль өткізу бекеттерінің жұмысы жеңілдетіледі 

wikipedia.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2019 21:37 wikipedia.org
Қазіргі уақытта екі ел арасында 11 автомобиль өткізу пункті жұмыс істейді.

"Қордай" және "Қарасу" автомобиль өткізу бекеттерінің жұмысы жеңілдетіледі. Сондай-ақ, "Сартөбе" және "Аухатты" автомобиль өткізу пункттерінің мәртебелерін "екіжақты" - дан "көпжақты халықаралық" - ға ауыстыру және "Нововоскресеновка" өткізу пунктінің атауын "Сыпатай батыр" - ға өзгерту жоспарлануда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы мақсатта, бүгін ҚР Парламенті Сенатында "2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өз сөзінде атап өткендей, бұл шара Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың одан әрі дамуын жақсартады және Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің тауар айналымына оң әсерін тигізеді. Осы Хаттаманы ратификациялау қосымша бюджеттік қаржы бөлуге әкеп соқпайды.

Қазіргі уақытта екі ел арасында 11 автомобиль өткізу пункті жұмыс істейді. Оның ішінде 5" көпжақты халықаралық" және 6 " екі жақты".

2010 жылы қарқындылығы төмен болғандықтан 4 автомобиль өткізу пункті жабылды (Бесағаш, Алатау, Жайыл және Қамышановка).

Жылына 7 өткізу пункттерінде шамамен 11 млн.адам, 1,7 млн. көлік құралдары өтеді, оның ішінде 400 мың жүк көлік құралдары.

Сонымен қатар, 2018 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 43% - ға өсіп, 1,7 млн.тоннаны құрады (1,4 млн. тонна экспорт немесе 82%, 0,3 млн. тонна импорт немесе 18%).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: