Ресейдің кесірінен қазақстандық компания штаттағы 400 адамын қысқартты

3 Наурыз 2021, 15:09
Сурет: atameken.kz

Exim Artis" ЖШС 2020 жылы 18 мың тонна көмірдің тек 2 мың тоннасын тиеп, 1,9 млн АҚШ долларын жоғалтты, деп хабарлайды zakon.kz "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

Компания өндірісті азайтып, штатты 400 адамға қысқартқан. Ал қалған қызметкерлердің еңбекақысы азайған. Бұл туралы "Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы" ЗТБ директорының орынбасары Максим Кононов "Атамекен" ҚР ҰКП алаңында қазақстандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесуінде айтты.

Егер бұрын Украина нарығына РФ арқылы транзитпен қазақстандық 8 көмір компаниясы көмір жөнелтсе, қазір 3 компания ғана тұрақты негізде тасымалдап жатыр. 2021 жылдан бастап Беларусь арқылы транзитпен "Шұбаркөл Көмір" өнімді қайта жеткізе бастады, – деп атап өтті "Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы" ЗТБ директорының орынбасары Максим Кононов.

Спикердің айтуынша, 2019 жылы Ресей Украинаға бірқатар тауарды, соның ішінде көмірді жеткізуге және транзиттеуге шектеулер енгізді. Қазақстан айына 140 мың тонна көмір транзитіне келісе алды, алайда қазақстандық компанияларға бірнеше рет теріс жауап қайтарылды. Мысалы, 2019 жылғы шілдеде көмір компаниялары 378 мың тонна жөнелтуге өтінім берді, соның бар болғаны 8 %-ы мақұлданды.

Максим Кононовтың айтуынша, түрлі кедергі салдарынан қазақстандық компания өндірісті азайтып, штатты 400 адамға қысқартуға мәжбүр болған. Ал қалған қызметкерлердің еңбекақысы азайтылған.

"Exim Artis" ЖШС 2020 жылы 18 тонна көмірдің тек 2 мың тоннасын тиеп, 1,9 млн АҚШ долларын жоғалтты. Компания өндірісті азайтып, штатты 400 адамға қысқартты, қалған қызметкерлердің еңбекақасын азайтты. Қазақстандағы көмір компаниялары жағдайы нашарлағаннан кейін 2020 жылы Ресей Украинаға көмір экспортын 8%-ға ұлғайтты. 2019 жылы ЕЭК осы мәселе бойынша кедергі бар екенін мойындады, деді ол.

Айта кетейік, бүгін елордада "Атамекен" ҚР ҰКП алаңында қазақстандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесіп, бизнес өкілдері комиссия алаңында қарауды талап ететін өзекті мәселелерді атап өтті.

Кәсіпкерлер химиялық өнімді техникалық реттеу және жаппай тіркеу, автомобиль өнеркәсібіндегі кооперация және ҚХР-дан келетін рессорларға қатысты демпингке қарсы шараны қолдану, қазақстандық тауарлардың Одақ елдерінің аумағы арқылы транзит мәселелерін көтерді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?