Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын 17 орталық ашылады

4 Наурыз 2021, 13:13
Сурет: kapital.kz

Нұр-Сұлтанда "Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту шаралары мен құралдары" атты республикалық конференция барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылдың өзінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша 17 орталық ашылып, жұмыс істей бастайды, яғни еліміздің әр өңірінде бір-бір Орталық болады, - деді министр.

Орталықтардың ашылуы ҚР ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия арасындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша әріптестік және ынтымақтастқ туралы қол қойылған келісім шеңберінде көзделіп отыр.

Келісім әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі экономикалық мүмкіндігін кеңейтуді қарастырады. Құжат әйел кәсіпкерлігін дамыту, оқыту, кооперация және қажетті құзыреттерді қалыптастыру арқылы олардың экономикалық белсенділігін ынталандыру, сондай-ақ бизнесті қолдау бағдарламалары шеңберінде жеңілдікті кредиттер мен гранттар беру, әйелдердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, әйелдер мен олардың ұйымдары өндірген тауарлар мен қызметтерді өткізу нарықтарын дамытуға жәрдемдесу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылын көздейді.

Ә. Ерғалиевтің айтуынша, Министрлік құрылып жатқан орталықтар алаңында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін әкімдіктер мен даму институттары жанында жұмыс істеп жатқан әйелдерді қолдау орталықтары мен қызметтерінің жұмысын белсенді зерттеуде.

Орталықтар әйелдердің кәсіпкерлік бастамасының әлеуетін іске асыруға қуатты серпін бере отырып, әйелдерді ақпараттық және консультациялық қолдаудың негізгі көзіне айналады. Әйелдердің экономикадағы рөлінің күшеюі экономикалық өсу мен қоғамның дамуына ықпал ететініне сенімдімін, - деді ол.

Бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар мониторингінің деректері бойынша мемлекеттен қаржылай қолдау алатын кәсіпкер әйелдердің үлесі шамамен 32%-ті құрайды. Бұл жеңілдетілген банктік кредиттеу және гранттар беру. Қаржылай емес қолдау жобаларының жартысына жуығы (45%) – әйел-кәсіпкерлердің қатысуымен іске асырылады.

Ұлттық экономика министрлігі мен ЕҚҚДБ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 300-ге жуық кәсіпкер әйел жергілікті консультанттардан консультациялық көмек алды, 35,4 млрд.теңге сомасында 21,8 мың кредит берілді.

Өз баяндамасының соңында Әсет Ерғалиев кәсіпкер әйелдерге атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы мерекемен құттықтады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?