ШҚО-да сотталғандар арасында "Анаға хат" шығармашылық сайысы өтті

5 Наурыз 2021, 09:49
Сурет: ШҚО ҚАЖ Департаменті

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында ШҚО бойынша ҚАЖД-нің ОВ-156/18 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар арасында "Анаға хат" атты шығармалар сайысы өтті.

Шығармашылық бәйге сотталғандар мен олардың жақын туыстары арасында әлеуметтік маңызы бар байланысты орнатуды көздеді. Өзара сынға оннан астам сотталған түсті.

Жазасын өтеушілердің бірі өз шығармасын былай бастаған:

"О, аяулы да ардақты Анашым! Сенің мейірімің мен жан жылуыңа шек жоқ! Жаратушы бұйыртса, бостандыққа шығып тағы да сені бір құшақтасам, тағыда кеудеңе басымды төсесем ғой! Шіркін!"

Ал жұмыстардың біріндегі мына жолдар жан тебірентпей қоймайды:

"Мамам, Сен жиі түсіме кіресің! Бәлкім осылайша, әлі де мені аялап, менің өмірім мен денсаулығымды қорғап жүрген боларсың!".

Жұмыстар сауаттылығы бойынша әртүрлі деңгейде болса да, олардың мазмұндық құрылымы бір-бірімен салыстыруға келмейді, дейді жұмыстарды оқыған аға инспектор-психолог, әділет капитаны Вера Тоқтыбаева.

Мұндай шаралар сотталғандардың түзелу және қайта тәрбиелеу деңгейіне баға беруге, сондай-ақ олардың жеке басындағы оң өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

Сайыс жеңімпаздары алғыс хаттармен марапатталды және көтермелеуге ұсынылды, солайша олардың аналарымен қауышар сәттері, расында, әлдеқайда жаққындай түспек,- деп мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Ж.Сыдыков тұжырымдап отыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?