Діни бірлестіктер өкілдері арасында спорттық сайыс өтті
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні, Қарасай ауданында Алматы облысы дін істері басқармасына қарасты Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен, діни бірлестіктер өкілдері арасында спорттық сайыс өтті.
Шараның мақсаты – діни бірлестіктер өкілдері арасындағы конфессияаралық келісімді сақтау мен дінаралық тұрақтылықты нығайту, Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын ұстана отырып, өзара келісім, сыйластық пен серіктестікті дамыту, бірлік пен теңдікті сақтау.
Жарысқа қатысушылар 10 спорт түрінен бақ сынасты, атап айтар болсақ: шағын футбол, волейбол ойыны, қол күрес, асық ату, тоғыз құмалақ, шахмат, үстел тенисі, садақ ату, гір тасын көтеру, арқан тартыс сынды ойын түрлері.
Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша, жарыс жеңімпаздарына қаржылай сыйақы және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript