Алматы облысында "Рафтинг" спорт түрінен өзара сайыс өтті
Сурет: Алматы облысының Дін істері басқармасы
26 тамыз күні Алматы облысы дін істері басқармасының ұйытқы болуымен өңірдегі ерлер жамағаттары арасында "Рафтинг" спорт түрінен өзара сайыс өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шараға Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар, Жамбыл аудандарынан барлығы 15 адам қатысты.
Жарыс барысында қатысушылар тау өзенінде үрлемелі қайықпен жүзіп, түскі дастархан барысында білікті теологтардың ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын тыңдады.
Аталған форматтағы іс-шаралар жамағат арасында қазақстан қоғамының құндылықтарын насихаттау мақсатында үнемі ұйымдастырылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript