Алматы облысында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті

Алматы облысы, футбол, шағын футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 11:34 Сурет: Алматы облысы дін істері басқармасы
6 қыркүйек күні Алматы облысы дін істері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы шеңберінде облыстың ерлер жамағаты арасында шағын футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Спорттық додада Қарасай, Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Жамбыл аудандарының жамағаттарынан құралған "Барыс", "Ясин", "Умма", "Тәуекел" командалары өзара бақ сынасты. Жүзден жүйрік шыққандары арнайы жүлделермен марапатталды.

Сурет: Алматы облысы дін істері басқармасы

Шара барысында қатысушыларға дастархан жайылып, білікті теологтардың насихаты айтылды.

Жарыстың қорытындысы бойынша қатысушылар ерікті түрде сұхбат беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: