Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2024 17:20 Сурет: olympic.kz
11 маусымда футболдан Қазақстан және Әзербайжан құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын Венгрияның Сомбатхей қаласындағы "Халадаш" стадионында өткізіледі.

Кездесу 11 маусымда сағат 21:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама қазірге дейін сегіз мәрте өзара кездесті. Оның екеуінде Әзербайжан жеңіске жетсе, төртеуінде Қазақстан басым түсті. Екі ойында тең нәтиже тіркелді.

ФИФА рейтингісінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді.

Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас бапкері міндетін қазақстандық маман Руслан Балтиев атқарады.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы 7 маусымда Арменияға 1:2 есебімен есе жіберді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: