Футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнаммен жолдастық кездесу өткізеді

Футзал, Қазақстан, Вьетнам, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2025 15:57 Сурет: Instagram/kff_team_futsal
Бүгін, 13 сәуірде футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Вьетнаммен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық құрама 8-16 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырады. Олар оқу-жаттығу жиыны аясында Вьетнаммен шеберлік байқасады. Кездесу бүгін, 13 сәуірде сағат 16:00-ге жоспарланған.

Екі ойын да сол елдің астанасы Хошимин қаласында 13-15 сәуір күндері болады. Оқу-жаттығу жиыны 8 сәуірде Астанада басталды. Оған 14 ойыншы қатысты.

Ойыншылар тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Лео Игита ("Семей"), Қанат Жеткірбаев ("Ақтөбе")

Ойыншылар: Азат Валиуллин ("Аят"), Ерсұлтан Сағындықов ("Аят"), Иван Марахов ("Аят"), Жахангир Рашит ("Қайрат"), Дамир Қайырбай ("Қайрат"), Ақжол Дәрібай ("Семей"), Ержан Карменов ("Семей"), Әбдірәсіл Абдуманапұлы ("Семей"), Альберт Ақбалықов ("Ақтөбе"), Сайфулла Қоспанов ("Ақтөбе"), Нұрсұлтан Пиялы ("Ордабасы"), Александр Дерябин ("Тюмень", Ресей).

Тікелей эфир ҚФФ -ның YouTube арнасында болады

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: