Таразда облыстық спорттық сайыс өтті

Тараз, облыстық спорт сайысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 15:03 Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Тараз қаласында Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақтың спорт алаңшасында қала күніне орай "Біз – нашақорлыққа қарсымыз!" ұранымен жастар арасында "STREETWORKOUT" облыстық спорттық сайыс өтті.

Бұл сайыс облыстық дене шынықтыру және спорт басқарамасы мен Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Шараның ерекшелігі: спорттық жарыстар алаңқайдағы құрылғылардың қолданылуымен жүргізіледі. Мәселен, балтемір, көлденең баспалдақ секілді қарапайым құрылғылар арқылы ешбір артық шығынсыз ойын жарыстары ойнатылады.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл ретте шара ұйымдастырушылары аталмыш спорт түрі шет мемлекеттерде көптеп өтетінін алға тартып отыр. Жалпы чемпиондық атаққа өңіріміздің әр аумағынан 100-ге жуық спортты жанына серік еткен жандар қатысты.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар:

Кермеде (турник) тартылу:

Қосымша салмақпен (16 кг):

  • I орын: Рахмет Нұрсұлтан

  • II орын: Досай Нұрхан

  • III орын: Қазанғапов Аман

Қос сырықтың (брусья) үстінде тартылу:

Қосымша салмақпен (16 кг):

  • I орын: Досан Мұқасан

  • II орын: Шапибай Самат

  • III орын: Қалабаев Дарын

    Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жарыстың жүлде қоры:

  • I орын: 150 мың теңге

  • II орын: 100 мың теңге

  • III орын: 50 мың теңге

Кермеде (турник) тартылу:

Қосымша салмақсыз:

  • I орын: Садықов Нұрдаулет

  • II орын: Сарданбек Қуаныш

  • III орын: Тәліп Елшат

Қос сырықтың (брусья) үстінде тартылу:

Қосымша салмақсыз:

  • I орын: Жұманалы Бекзат

  • II орын: Орынбаев Асхат

  • III орын: Әуесхан Әділет

  • Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жарыстың жүлде қоры:

I орын: 20 мың теңге

II орын: 15 мың теңге

III орын: 10 мың теңге

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: