"Қазақалтын" кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды

5 Наурыз 2021, 15:25
Сурет: Pixabay

Ақмола облысында "Қазақалтын" кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні "Қазақалтын" АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық іс-әрекеттері салдарынан кәсіпорынға 122 миллион теңге көлемінде аса ірі шығын келтірілді, - деп хабарлады облыстың ПД.

Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 4-бөлігі, "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынды.

Қазіргі уақытта қаскөйлерді анықтауға бағытталған процедуралық шаралар кешені жүргізілуде.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлерінің арасынан осы қылмысты жасауға қатысқан адамдарды анықтау және табу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылғанын хабарлады.

Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?