Жаңалықтар тізбегі
0

Чаттағы шатпақ. Қостанайда полиция қызметкері сынаптасын атып өлтірді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2021 15:40 Pixabay
Екі сыныптас арасындағы жанжал 10 шақты адамы бар чаттан басталған.

Қостанайда 37 жастағы ер адамды атып кетті. Кісі өліміне күдікті ретінде ұсталған полиция қызметкері болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл оқиғаға Қостанай облыстық полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов түсініктеме берді.

Оның айтуынша, екі сыныптас арасындағы жанжал 10 шақты адамы бар чаттан басталған.

- "Біз саған бара жатырмыз, қаруымыз да бар, дайын бол, тіпті 30 адам да жетпейді бізге", "бауырым, сен осы топта айт, үстінен арыз жазбаймын деп, бірге бір шықсақ, бірден сұлатамын, жарып тастаймын", "бәрін жігіттерше шешейік, қаралық жасама", "быт-шытыңды шығарамын". Бұл - телефон ват-сабындағы топқа жіберілген дауыстық хабарламалардан алынған сөздер, - деді Бекет Аймағамбетов.

Қазіргі уақытта жанжалдың себептерін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

8 наурызда түнгі сағат 3-тер шамасында бұрын сотталған сыныптасы мас күйінде полиция қызметкерінің үйіне досымен бірге көлікпен келеді.

Ол өз атына тіркелген мылтықты алып, кездесуге шыққан полиция қызметкеріне қорқыту-үркіту сөздерін айтқан.

Жағдайды объективті бағаламағандықтанн, кезекті қоқан-лоққы кезінде полиция қызметкері оқ атқан, жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта полиция қызметкері қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодекстің 99 бабы - "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу, сондай-ақ қызметтік тергеу басталды, деп сөзін қорытындылады Аймағамбетов.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу жұмыстары бақылауға алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: