Астанада ер адам танысын басынан атып өлтірді

Полиция, погоны, полицейский, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2025 12:29 Фото: polisia.kz
Астанада таныстар арасындағы жанжал атыспен аяқталды. Олардың бірі қайтыс болды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, қару тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс бұрын таныс адамдар арасындағы жанжал кезінде орын алған. Жанжалдың салдарынан күдікті марқұмның басына оқ атқан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде". Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

Елордалық полицейлер жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертіп, азаматтарды ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

2025 жылдың 26 ​​ақпанында Ақмола облысында осыдан сегіз жыл бұрын жасалған кісі өлтіру оқиғасының ашылуына генетикалық сараптама көмектескенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: