Астанада балабақшадан өрт шықты
Сурет: Zakon.kz
2 мамырда Астанада балабақшаның шатыры өртенді. Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне балалардың барлығы өрт сөндірушілер келгенге дейін шығарылғанын хабарлады.
ТЖД таратқан ақпарат бойынша, балабақша өртеніп жатыр деген хабарлама түскен соң өрт сөндіру бөлімшелері Хлудов көшесіндегі 1-үйге аттанған.
Өрт сөндірушілер жеткенде балабақшаның шатыры жанып жатқаны анықталды.
"Өрт сөндірушілер бірден адамдарды іздеуге кірісті. Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндірушілер келгенге дейін барлық балалар шығарылған". Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Қазір өрт сөндіріліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript