Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамын жариялады
"Қазгидромет" РМК 9, 10 және 11 наурызға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.
Синоптиктердің болжамынша, Екатеринбург аймақтарынан ойысып келетін циклон республикамыздың басым бөлігінде ауа-райының ауын-шашынды болуына ықпал етеді.
10 наурызда оңтүстікте қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады деп болжанады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Бейсенбіде батыс аймақтарда Солтүстік-Батыс антициклонның салқын ауа массаларының салдарынан температура күрт төмендейді.
Сонымен қатар, синоптиктер 9 наурызға арналған дауыл туралы ескерту жариялады.
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр болатын жел соғады. Кей жерлерде тұман түседі. Ақтөбеде түнде бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Көкшетауда жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін соғады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Ақтауда 9 наурызда көктайғақ болады деп күтіледі.
Қостанай облысында кей жерлерде жел соғып, тұман түседі деп күтіледі. Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде секундына 15-20 метр болады. Оралда тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел соғып, тұман түседі. Петропавлда оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.