Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Олардың ықпалынан республиканың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел екпіні күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ауа райы жылынады, температура климаттық нормаға жуық болады деп күтілуде. Максимальді күндізгі температура республиканың солтүстік жартысында +25+33 градусқа, оңтүстік жартысында +30+35, ал оңтүстік аймақтың кей жерлерінде ауа температурасы 40 градусқа дейін жететін болады.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дауылды ескерту жарияланған. 5 маусымда (2018 ж. 21 сағ. 04 маусымнан 21 сағ. 05 маусым аралығы) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман.
Петропавлда 5 маусымда (2018 ж. 21 сағ. 04 маусымнан 21 сағ. 05 маусым аралығы) оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін.