Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Дождь, дожди, осадки, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 12:10 Фото: unsplash
2025 жылдың 5-7 тамызы аралығында Қазақстан аумағынан солтүстік-батыс циклон өтеді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері ел тұрғындарына ескертті. Нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғатыны белгілі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтар Павлодар облысында (6 тамызда), солтүстік және орталық облыстарда (7 тамызда) қолайсыз ауа райы күтілетінін баса айтты.

"Елдің оңтүстігінде ауа райы негізінен құрғақ болады деп күтілуде. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде. Оңтүстікте негізінен құрғақ, бірақ шаңды дауыл болады.

Температура фонына келетін болсақ, еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғарылау байқалады:

  • түнде 2-13°С-тан 5-18°C-қа дейін,
  • күндіз 15-25°С-тан 18-30°С-қа дейін.

Бұған дейін мамандар екі қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: