Жаңалықтар тізбегі
0

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Дождь, дожди, ливень, ливни, пасмурность, пасмурная погода, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2024 15:56 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күндегі ауа райы туралы айтты. Мамандардың болжамынша, 2024 жылдың 1-3 қазаны аралығында Астанада түнде ауа температурасы үш градусқа дейін төмендейді, Алматыда жаңбыр жауады, Шымкентте ауа температурасы 26 градусқа дейін жылынады.

Астана қаласының ауа райы болжамы

1 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 22-24 градус жылы.

2 қазан: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Күндіз желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 11-13 градус жылы.

3 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 9-11 градус жылы.

Алматы қаласының ауа райы болжамы

1 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 20-22 градус жылы.

2 қазан: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.

3 қазан: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 20-22 градус жылы.

Шымкент қаласының ауа райы болжамы

1 қазан: көшпелі бұлтты, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

2 қазан: көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

3 қазан: көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы.

Қазан айының алғашқы күндері елімізде ауа райы құбылмалы болатыны бұған дейін хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: