Жаңалықтар тізбегі
0

Желідегілер апаттан кейін өртенген өзеннің видеосын қызу талқылап жатыр

stopfake.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2021 18:41 stopfake.kz
Шын мәнінде, Instagram парақшада видеоның қысқартылған нұсқасы жарияланған.

Әлеуметтік желідегілер өртеніп жатқан өзеннің видеосы қызу талқылап жатыр. Бұл мұнай құбырындағы апаттан кейін болған оқиға деген болжам да келтіріледі, алайда ол видеоның Қазақстанға еш қатысы болмай шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

@osa_uka_vko танымал өскемендік Instagram-аккаунтында жарияланған роликте автор мұз басқан өзен бетіндегі өрт түсірілген. Сондай-ақ, онда "Мұнай құбырындағы апаттан кейін өрт шықты" деп жазылған. Бұдан басқа ақпарат болмағандықтан, оқырмандар бұл оқиға Қазақстанда орын алған деп ойлаған.

"Шын мәнінде, Instagram парақшада видеоның қысқартылған нұсқасы жарияланған. Түпнұсқада автор "Өзен өртеніп жатыр" дегеннен кейін, оның "Обь" өзені екенін нақтылап өтеді. Алайда, қазақстандық Instagram парақшасының әкімшілері оқырмандарды қызықтыру үшін роликтің осы бөлігін қиып тастаған" деп хабарлайды stopfake.kz.

7 наурызда Обь өзенінің Нижневартовск маңындағы бөлігінде өрт шыққан. Тілсіз жау жер асты мұнай құбырындағы апат салдарынан туындаған. Оқиғаны сол жерде жүрген балықшылар түсіріп алған. Қатты күйік шалған куәгерлердің бірі ауруханаға түсті. БАҚ-тың хабарлауынша, өзенге 700 тонна мұнай өнімдері төгілген. Қазіргі кезде тергеу комитеті мен Нижневартовск қалалық прокуратурасы төтенше жағдайды тергеуде.

Видеоның толық нұсқасы мынау екен:

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: