Қазақстанда әскери бөлімдер дабыл белгісімен аяғынан тік тұрғызылды
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Белгіленген орынға келіп жеткен бөлімшелер келгеннен өздеріне жүктелген міндетке сай әскери-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға көшуі керек.
Мемлекет басшысы - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы тапсырмасымен Қорғаныс министрлігі әскерді дабыл белгісімен, тосыннан аяғынан тік тұрғызды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Оңтүстік" аймақтық қолбасшылығының әскери бөлімдері мен десанттық-шабуылдау күштері кеше кешкісін оқу-жаттығу белгісін алып, дайындық жағдайына келтірілді.

Шымкент пен Сарыөзектегі бөлімшелер бірнеше жүз шақырымдық қашықтықта Жамбыл облысындағы "Матыбұлақ" полигонына лақтырылады.

Әскерлердің орналасуы аралас тәсілмен жүзеге асырылады: жауынгерлік машиналар, авиация, ауыр бронды техника теміржол және автомобиль жолдары арқылы тасымалданады.

Белгіленген орынға келіп жеткен бөлімшелер өздеріне жүктелген міндетке сай әскери-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға көшуі керек.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript