Қазақстанда арнайы әскери жиынға кімдер шақырылады
видеодан алынды
Министр шақырылған адамдар әскери бөлімшеге белгіленген күні келмеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын атап өтті.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскерге шақыру бөлімдері арнайы жиындарға әскери міндетті азаматтарды шақыруда жастарға басымдық беретіндігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Арнайы жиынға әскери міндетті, денсаулығы жарамды барлық азамат шақырылады. Бірақ жергілікті әскери бөлімдер медициналық тексеруді ұйымдастырғаннан кейін әскери жиынға өз еркімен барғысы келетіндерге басымдық береді. (...) Заң бойынша 60 жасқа дейінгі офицерлер, сержанттар және 50 жасқа дейінгі әскери қызметкерлер әскери жауапкершілікке тартылады. Бірақ, мен атап өткендей, бізде әскери міндетті азаматтар көп, сондықтан жас адамдар шақырылады, - деді ол.
Министр шақырылған адамдар әскери бөлімшеге белгіленген күні келмеген жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын атап өтті.
Әскери жиынға шақырылғандар басқа аймақтарға жіберілмейді, - дейді ол.
2 сәуір қарсаңында Президент әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Қаулыға қол қойды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript