Таразда тәртіп сақшысы өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды аман алып қалды

9 Наурыз 2021, 16:18
Сурет: видеодан алынды

Таразда полиция қызметкері өзін-өзіне қол салмақ болған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД-ның хабарлауынша, ер адам Королев көшесіндегі құрылысы аяқталмаған бес қабатты үйдің төбесінен секірмек болған.

Бірнеше минут ішінде оқтай ұшып, бес қабатты ғимараттың төбесіне көтерілген учаскелік полиция қызметкері жас жігітті әңгімеге тартып, сөйлесе бастады.

29 жастағы жас жігіт өзі жұмыс істеген компания басшысының үстінен шағымданған. Ер адам жұмыс орнында жарақат алғанын және оған әлі күнге дейін ақшалай өтемақы төленбегенін айтты.

Сөзді жалғастыра отырып, оған жақындап келген тәртіп сақшысы керек сәтте ер адамның қолынан ұстап, оны шатырдың шетінен тартып алды.

Оқиға орнына келген дәрігерлер оны медициналық көмекке мұқтаждығын анықтау үшін ауруханаға жеткізді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?