Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда әйелімен араздасып қалған ер адам өз-өзіне қол жұмсады

regnum.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2020 22:34 regnum.ru
Ол өз-өзіне пышақ салған, дәрігерлердің арқасында ер адам аман қалды.

Ақтауда әйелімен араздасқан ер адам өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды zakon.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

30 наурызда сағат 18:30 шамасында Ақтауда №3 ықшамауданның тұрғыны пышақ жарақатымен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнында 46 жастағы ер адамның қарнының алдыңғы қабатына пышақ жарақаты салынғанын және ол гиповолемиялық шок жағдайында болғанын анықтады. Ол облыстық ауруханаға қабылдау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оған ота жасады. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты деп бағаланады, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адам баласын алып, үйден кетіп қалған әйелімен арада болған жанжалдан соң өз-өзіне қол жұмсағанын атап өтті.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері болды. Сол арада ер адамның неге бұлай жасағаны белгілі болды. Енді оның өміріне ештеңе қауіп төніп тұрған жоқ. Полицияға ешкім арызданбаған, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: