Алматыда төтенше жағдай: күдікті ер адам полиция көлігінде өз-өзіне қол жұмсады
Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда полицейлер ұстаған ер адам тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Zakon.kz
Белгілі болғандай, ер адам қаланың Жетісу ауданында құрбысының көлігін ұрлады деген күдікпен ұсталды. Марқұм алкогольдік масаң күйде болған.
"Алматы қаласының полиция департаменті өзінің досынан "Тойота" автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған 1980 жылы туған И.-ның өлім фактісі бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұмның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды, мән-жай анықталуда", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript