Ер адам педофил деген айып тағылған соң өз-өзіне қол жұмсады
Қайғылы оқиға 2017 жылы Англияның Кливленд қаласында болған. 34 жастағы Брайан Темпл шұжық қорабын ұрлады деген күдікпен қамауға алынды.
Бостандыққа шыққанда оған 13 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түспек болғаны көрсетілген басқа біреудің құжаты қате берілген, деп жазады Stan.kz.
Ер адам құжатта не жазылғанына мән бермей, үйіне оралған бойда сүйіктісіне қағазымен бірге заттарды берген. Қыз жазбаны оқығанда, шошып қалып, басқаларға Брайанның педофил екенін айтқан.
Осыдан кейін ер адамға қысым көрсетілді, оны қорлап, соққыға жыққан. Осыған байланысты Брайан Темпл депрессияға түсіп, ішімдік пен есірткіні қолдана бастаған және ақырында өз-өзіне қол жұмсаған. Жеке қасіретіне айналған құжат оның қалтасынан табылған.
Полиция жағдайды "адамның қолынан кеткен қателік" деп мәлімдеді.