Қырғызстанда ер адам танысын өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсады

Қырғызстанда ер адам танысын өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2024 15:37 Сурет: unsplash
Баткен облысында жергілікті тұрғынды мылтықпен атып өлтірген, артынша күдікті өз-өзіне қол жұмсады. Атыс туралы ақпарат 2024 жылдың 21 тамызында Лейлек АІІБ-не келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kg мәліметі бойынша, 51 жастағы ер адам жұбайымен бірге іс-шарадан Honda Jazz көлігімен қайтып келе жатқан. Жолда оларды Ақбұлақ ауылының 55 жастағы танысы тоқтатқан.

Күдікті қылмыскер 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықты алып, ер адамның кеуде аймағына екі рет оқ жаудырып, оқиға орнынан ізін суытқан. Артынша, Қара-Таш жайылымында сол мылтықпен кеудесіне оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады.

Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық, сот-биологиялық және сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Шымкентте кішкентай қыздардың сырғасын ұрлаған айлакер бойжеткен ұсталды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: