Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейдің Брянск қаласында оқушы қыз мектепте атыс шығарып, артынша өз-өзіне қол жұмсады

Ресей, Брянск, атыс, оқушы қыз, буллинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2023 15:29 Сурет: pixabay
Ресейдің Брянск қаласындағы мектепте 14 жасар қыз атыс шығарды. Ол бір оқушы қызды мерт қылып, тағы төрт адамды жаралап, артынша өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Брянскіде №5 қалалық гимназияда 14 жасар 8-сынып оқушысы атыс шығарып, артынан өз-өзіне қол жұмсады, деп жазды "Известия" басылымы. Төтенше жағдай туралы қалалық диспетчерлік қызметке хабарлама 7 желтоқсан күні таңертең түскен, оқиға орнына полиция қызметкерлері жеткен.

Оқушы қыз мектепке "Бекас-3" аңшы мылтығын алып барып, сабақ үстінде сыныптастарына оқ жаудырған. Ол мылтықты мектепке тубусқа салып алып кірген, күзетшілерге білдірмей өтіп, бірінші сабаққа кірген. Қыздың қолында мылтыққа қоса аңшы пышағы болған.

РФ Ішкі істер министрлігінің Брянск облысы бойынша басқармасының мәліметінше, атыс салдарынан бес оқушы зардап шеккен. Жараланған қыздардың бірі кейін ауруханада көз жұмды. Атыс шығарған қыздың өзі де сол мылтықтан атылып өлген.

Мектеп оқушылары эвакуацияланған. Зардап шеккендерге көмек көрсетуді Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко өз бақылауына алған. Екі немесе одан да көп адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жарақат алған оқушылардың біріне ота жасалған.

Қазір қайғылы жайттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Ресейлік "ВЧК-ОГПУ" Telegram арнасы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Брянск гимназиясындағы қайғылы жағдайға буллинг себеп болған деп мәлімдеді: 14 жасар қызды сыныптастары ойын-сауыққа қатыспағаны, әлеуметтік желіде отырмағаны үшін мазақ қылған.

РБК арнасының мәлімдеуінше, қыздың әкесі ұсталған. Оны полиция бөлімшесіне жеткізіп, жауап алды. Ер адам атыс қаруына салғырт қарағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: