Әйелін өлтіріп, артынша өзіне қол салды: Алматыда отбасылық жанжалдың соңғы өліммен аяқталды

Центр оперативного управления департамента полиции, центр оперативного управления ДП, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, правонарушители, телефон полиции, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2025 13:28 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда ер адам әйелін өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Онда оқиғаның Думан ықшамауданында болғаны айтылған. 40 жастағы ер адам 38 жастағы әйелін өлтіріп, Алматы облысындағы туыстарына барып, өзіне қол салған. Алматыдағы пәтерден әйелдің мәйітін оның туысы тапқан.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.

"Қылмыс фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасының полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қылмыс отбасылық жанжалдың салдарынан жасалған: ер адам әйеліне пышақ жарақатын салған. Кейін ол өз-өзіне қол жұмсаған. Басқа мән-жайлар анықталуда", – деп хабарлады ПД.

Бұған дейін түнде Алматы тауларында адасып қалған 18 жастағы турист құтқарылғандығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: