Түнде Алматы тауларында адасып қалған 18 жастағы турист құтқарылды

Түнде Алматы тауларында адасып қалған 18 жастағы турист құтқарылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2025 13:11 Сурет: pixabay
Алматы ТЖД құтқару қызметіне боз бала хабарласып, күндіз достарымен бірге тауға шыққанын, бірақ топтан қалып, жолдан адасқанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, "БАУ" бақылау-құтқару пунктінің экипажы қызметтік машинамен Проходное шатқалының тұрағына келіп, үш сағаттай жаяу жүріп өтініш берушіні іздеді. Нәтижесінде зардап шегуші Терра алаңы маңында табылып, тау жетегіне дейін сүйемелденді.

"Тәжірибесіз турист қатты тоңып, бойында тау ауруы мен бағдарсыздық белгілері білінді. Бақытына орай, мамандандырылған медициналық көмек қажет болмай, түскеннен кейін ол үйге өздігінен бара алатындай жағдайда еді",- деп мәлімдеді ведомство.

ТЖМ тауға шықпас бұрын өз тәжірибеңіз бен физикалық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып маршрутты жоспарлау қажеттігін еске салады.

Бұған дейін Алматыдағы өрт кезінде 78 жастағы кейуананың құтқарылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: