Алматы тауларында израильдік әйел құтқарылды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы тауларында ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңынан шетелдік турист әйелді эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 қыркүйек күні Пионер шыңынан түсу барысында туристік топтың бір мүшесі аяғынан жарақат алып, өздігінен қозғала алмай қалған.
Бұл туралы топтың нұсқаушысы хабарлап, оқиға орнына "Тұйық-Су" бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылары аттанды.
Жарақат алған туристің жағдайы тұрақты деп бағаланғанымен, ол оң аяғының қатты ауырып тұрғанын айтқан. Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, туристі төменге түсірді.
Жараланған әйелдің 1990 жылы туған Израиль азаматы екені анықталды. Дәрігерлер оған өкше сүйегінің жабық сынуы деген диагноз қойып, қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript