Алматы тауларында кувейттік турист әйел құтқарылды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 4 шілдеде Алматы тауларында құтқарушылар Кувейттен келген туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Үлкен Алматы көлі маңында жүргізілген рейд барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері самокаттан құлап жарақат алған турист әйелді тапқан.
Зардап шеккен әйел — Кувейт мемлекетінің азаматы екені анықталған.
Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ары қарай тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына табысталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript