Алматыда бес айлық бала сырға жұтып қойды
Bash.News
Нәресте дәрігерлердің көмегінің арқасында аман қалды.
Алматылық дәрігерлер бес айлық баланы тұншығудан аман сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz inAlmaty.kz-ке сілтеме жасап.
Бала қаладағы орталық клиникалық инфекциялық балалар ауруханасына 20 сәуірде жеткізілген. Кеуде қуысына жасалған рентген баланың тамағында бөтен зат тұрғанын көрсетті. Ол сырға жұтып қойған екен.
– Сол күні-ақ эндоскопиялық әдіспен тамағындағы сырғаны алып тастадық. Қазір денсаулығы қалыпты, тыныс алуы қалыпқа келді. Дер кезінде жасалған медициналық көмек баланы ішектің жарасынан, ірің мен қанның ағуынан сақтап қалды, – деп хабарлады Алматыдағы инфекциялық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Жұмагүл Ешибекова.
Дәрігерлер ата-аналарды балаларға мұқият болып, сақтық танытуға шақырады, өйткені бес жасқа дейінгі балалардың арасында тиын, түйме, түйреуіш, сырға және басқа да ұсақ-түйек заттарды жұтып қоятын жағдайлары жиі кездесетінін ескертеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript