Роналду мен "Ювентус" Чемпиондар лигасынан қағылды

10 Наурыз 2021, 09:39
Сурет: Reuters

Дортмундтың "Боруссиясы" өз алаңында Испанияның "Севильясына" қарсы кездесуді 2:2 есебімен аяқтап, Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Севильяның" алаңында "Боруссия" 2:3 есебімен жеңген болатын.

Қатар өткен ойында "Ювентус" қарсыласы "Портуды" 3:2 есебімен жеңді, бірақ екі кездесудің қорытындысы бойынша келесі кезеңге португалиялық клуб шықты. Ойынның негізгі уақыты 2:1 есебімен аяқталып, жарысты кім жалғастыратынын анықтау үшін матч қосымша екі таймға созылды.

"Ювентус" сапында негізгі уақытта Федерико Кьеза дубльмен көзге түсті (49-шы және 63-ші минуттарда), қосымша уақытта Адриен Рабьо доп соқты (117-ші). "Порту" жақтан Сержиу Оливейра дубль жасады (19-шы және 115-ші минуттарда). Бірінші допты пенальтиден, екіншісін айып добын орындау арқылы салды. Қонақтар сапынан 54-ші минутта Мехди Тареми алаңнан қуылды.

10 наурыздан 11-іне қараған түні Чемпиондар лигасында ПСЖ - "Барселона" (4:1) және "Ливерпуль" - "РБ Лейпциг" (2:0) кездесуі өтеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?