"Астана" ұтылды: Чемпиондар лигасынан ұшып кетті

"Астана"футболшылары қарымта кездесуде Румынияның ЧФР "Клужынан" ұтылып, Чемпиондар лигасынан шығып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Клуж-Напока қаласында өткен кездесу 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Қазақстанның чемпионы төртінші минутта-ақ есеп ашты. Роман Муртазаев алыстан дәл соққы жасаған.
10-шы минутта есепті қарсыластар сапынан Билель Омрани теңестірді. Тағы16 минуттан кейін Евгений Постников допты өз қақпасына қиып жіберіп, ЧФР алға шықты.
Екінші таймның 73-ші минутында Абзал Бейсебековке рикошет болып тиген добы қақпаға кіріп, Омрани дубль авторы атанды. Постников өз қақпасына допты қиған кезде де соққыны сол Омрани жасаған болатын.
Осылайша ЧФР "Клуж" 3:2 жалпы есебімен жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шықты. Олар енді Тель-Авивтің "Маккабиімен" кездеседі. Ал "Астанамыз" енді Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде жарысты жалғастырмақ.
9 шілдеде "Астана Аренада" өткен алғашқы ойында "Астананың" 1:0 есебімен жеңгені аз болып шықты.