Алматыда мұғалімдер мен полиция қызметкерлеріне екпе салына бастады

10 Наурыз 2021, 13:28
Сурет: inastana.kz

Алматыда жуырда мұғалімдер мен құқық қорғау органдары өкілдерін вакцинациялау басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері мен мұғалімдерге екпе салу басталды. Мұғалімдер арасында 20-ға жуық. Тәртіп сақшылары арасында 50-ге жуық адам вакцина алды. Айта кету керек, бұл жұмыс кеше ғана басталды, - деді Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Әсел Қалықова брифингте.

1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау науқаны басталды. Вакцинация науқанының бірінші кезеңі дәрігерлерді, екінші кезеңі мектептер мен жоғары оқу орындарының мұғалімдерін, ал үшінші кезең интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің мұғалімдері, студенттер мен созылмалы ауруға шалдыққандарды қамтиды.

Алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау вице-министрлері Ерлан Қиясов пен Ажар Қиният екпе салдыртты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?