ШҚО-да браконьерлерден тонналап тәркіленген балықтың құны 112 млн теңгеден асады

Заңсыз балық аулау, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2022 23:36 Сурет: polisia.kz
ШҚО тәртіп сақшылары браконьерлерден 20 тоннаға жуық заңсыз ауланған балықты тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының аумағында Омбы–Майқапшағай тасжолының 29-шы шақырымында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының 58 жастағы тұрғыны тізгіндеген жүк көлігін тоқтатқан. Ол рұқсат құжаттарынсыз 20 тоннаға жуық көксерке балығы мен табан балықты тиеп әкеле жатқан.

Келтірілген жалпы шығын 116 миллион теңгеден асады.

Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бапта 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: