ШҚО-да браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіленді

ШҚО, балық тәркілеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2022 14:11 Сурет: ШҚО Полиция департаменті
Шығыс Қазақстан облысында «Нерест- 2022» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Шара аясында полицейлер браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Операция басталғаннан бері ШҚО-да балық ресурсын заңсыз аулаған 195 жағдай анықталды. 187 адамға қатысты жалпы сомасы 2,5 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, – деді ШҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Жалпы «Нерест» ЖПІШ кезінде полиция құқық бұзушылардан 2 тоннаға жуық балық, 2900 метр синтетикалық ау, 32 балық аулау құралын тәркіледі. Келтірілген залал сомасы 10 млн.теңгеден асты.

Балық аулау нормалары мен ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК 383-бабы) ғана емес, қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 335-бабы) те қарастырылған.

ШҚО Полиция департаменті азаматтардан табиғи байлықты сақтау мақсатында тыйым салынған аралықта балық аулаудан бас тартуға шықарды.

Айта кетейік, «Нерест -2022» жедел алдын алу шарасы ШҚО-да 2022 жылдың 16 сәуірінен 30 мамырына дейін өтеді. Шараның мақсаты – балық және балық ресурсын заңсыз өндіруге, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алу және анықтау.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: