Заңсыз балық аулаған талдықорғандық қылмыстық жазаға тартылатын болды

Пілмай балығы, заңсыз балық аулау, Талдықорған, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 20:27 Сурет: polisia.kz
43 жастағы ер адам тізгіндеген BMW көлігінен полицейлер заңсыз ауланған балықты тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәркіленген балықтардың бірі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, салмағы 9 келіден асатын бекіре тұқымдасты болып шықты.

Браконьерлік жолмен ауланған балықты тиеп алған автокөлік Талдықорған-Үштөбе тас жолының 40-шы шақырымында ұсталды.


"Сараптама тәркіленген бекіре тұқымдас пілмай балық екенін растады. Болжам бойынша, Қаратал өзенінің төменгі ағысында балық аулауға тыйым салынған жерде балық аулаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - деді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: