Ақтауға бір күнде Қарақалпақстаннан 490 адам келді

10 Наурыз 2021, 15:10
Сурет: ozodlik.org

7 наурызда Қарақалпақстанның 490 тұрғыны "Давид ота" шекара бекетінен Қазақстанның Ақтау қаласына жіберілді, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Олар мұнда түрлі құрылыс алаңдарында жұмыс істейді.

Сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттіктің 9 наурыздағы хабарына қарағанда, өзбектің еңбек мигранттары Өзбекстанның ресми тұлғалары мен қазақстандық жұмыс берушілер арасындағы келісімге сәйкес жұмысқа жіберілген.

Биыл 25 ақпанда өзбек президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан мен Қазақстан үкіметтерінің еңбек қызметі туралы келісімін мақұлдады.

Құжатта еңбек мигранттарының ақысын төлеу, табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, өтемақы мәселелері қарастырылған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?