Қазан айында жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады
Республика экономикасында 2018 жылғы қазандағы, бағалау бойынша 8,7 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,6 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 75,8%) құрады. Бұл туралы zakon.kz, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
2018 жылғы III тоқсан деректері бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 89,7%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 10,3% құрады.
2018 жылғы қарашада жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 442 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2018 жылғы қараша айының соңына 142,3 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,6%-ын құрады.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы III тоқсанда жұмыс күшінің санының 0,3%-ын (23,8 мың адам) құрады.
Жұмыссыздар (ХЕҰ стандарттарына сәйкес) - бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.
Жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) - қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі - толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің жұмыс күші санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі.