Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 2019 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады

Егемен Қазақстан Егемен Қазақстан
Қазақстанның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары.

Экономиканың тұрақты және сапалы өсімін қамтамасыз ету

Ел экономикасы орнықты даму жолында:

➢ 2019 жылы ЖІӨ өсімі 4,5% құрады.

➢ Оның 85% астамы шикізаттық емес салалар есебінен қамтамасыз етілді.

➢ Экономиканың өсуінің қозғаушы күштері негізінен – өнеркәсіп (өсім 3,8%), құрылыс (12,9%), көлік (5,1%) және сауда (7,6%) салалары болды.

➢ Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 4,4% құрады, оған негізінен автомобиль жасау (63%), машиналар мен жабдықтар өндірісі (22%), фармацевтика (12%), жеңіл өнеркәсіп (14%) және сусындар өндірісі (10%) үлес қосты.

➢ Тау-кен өнеркәсібі 3,7% өсті, Бұл көрсеткішке металл кенін өндіру көлемін 16% арттыру нәтижесінде қол жеткізілді.

НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

➢ Негізгі капиталға инвестициялар 8,5%, ал жеке инвестициялар 9,5%өсті.

➢ Инфляция жоспарлы 4-6% шегінде, яғни 5,4% деңгейінде (2018 жылы - 5,3%).

➢ Халықтың нақты табысы 5,5%-ға өсті.

2019 жылы 2,7 млн азаматтың жалақысы көбейтілді, оның ішінде бизнес арасында кең қолдау алған, ең төменгі жалақыны арттыру шаралары есебінен (42,5 мың теңгеге дейін 1,5 есе) өсті.

Еңбек нарығында тұрақтылық сақталуда:

➢ Жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады.

➢ 423 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 279 мыңы – тұрақты.

Мемлекеттік бюджет:

➢ Трансферттерді қоспағанда, мемлекеттік бюджет кірістері 9 трлн 688 млрд теңгеге (жоспардың 101,2%) орындалды, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 1,5 трлн теңгеге артық.

➢ республикалық бюджет кірістері бойынша жоспар 100,6%, ал жергілікті бюджеттер 103% орындалды.

➢ Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 14 трлн 180 млрд теңгеге немесе жоспар 99,7% орындалды. Оның ішінде республикалық бюджет шығыстары – 99,9%, ал жергілікті бюджеттер 99,4% орындалды.

Сыртқы сауда:

➢ Сыртқы сауда айналымы $97 млрд дейін өсті, оның ішінде экспорт – $60 млрд, импорт – $37 млрд құрады.

➢ Сыртқы сауда балансының оң сальдосы - $23 млрд болып отыр.

Үкімет пен Ұлттық банк арасындағы 2019 жылға макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім

1. 2019 жылы шамамен $25 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартылды.

2. ШОб-тың өнім шығаруы 9%-ға артты.

3. Экономикадағы ШОБ үлесі 29,5%-ға жетті. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 8%-ға өсті.

4. Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Жекешелендірудің кешенді жоспары 93%-ға орындалды.

5. "Нұрлы жол", "Нұрлы жер" және өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру 13 млн-нан астам шаршы метр тұрғын үй салуға, 4,4 мың шақырымнан астам республикалық жолды салуға және реконструкциялауға, 640 шақырымнан астам жолды пайдалануға беруге мүмкіндік берді.

6. "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында 53 ауылда 452 жоба іске асырылды.

7. "Қарапайым заттар экономикасын" дамыту бойынша жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы бойынша банктерде 217 млрд теңге сомасына 920 жоба мақұлданды, 207 млрд теңге сомасына 300-ден аса жоба қарастырылуда. Отандық кәсіпорындар 230 млрд теңгеден астам сомаға экспортты ілгерлетуне қолдау алды.

8. Бизнес ортаны жетілдіру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан Doing Business рейтингінде 25-ші орынды және Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 55-ші орынды иеленді. Бизнес ортаны жетілдіру аясында заңнамаға түзетулердің сегізінші пакеті әзірленді.

9. Экономиканы цифрландыру бойынша қабылданған шаралар IMD жаһандық цифрлық бәсекеге қабілеттілік халықаралық рейтингінде атап өтілді, онда Қазақстан өз позициясын 38-ші орыннан 35-ші орынға көтерді.

"САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" ҰӘҚ" АҚ 2019 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2019 жылдың қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры өндірістік көрсеткіштердің оң динамикасын көрсетті:

➢ Тазартылған алтын өндірісінің өсімі - 30%, жолаушылар ағымы – 23%, кен өндіру – 5%, мұнай тасымалдау - 4% құрады.

➢ Іірі жобалар іске асырылды: "Сарыарқа" (1061 км) магистралды газ құбырын тарту, "Fly Arystan" лоукостері (2019 ж. мамыр айынан 700 мың жолаушы тасымалданды) т.б.

➢ Қордың таза табысы 1,3 трлн теңгені құрады немесе жоспарлық мәнінен 38% артық.

➢ Қор компаниялары тобынан бюджетке түсімдер 1,2 трлн теңгені құрады.

ӨҢІРЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ САПАЛЫ ӨСІМІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҮЛЕСІ

2019 жылдың қорытындысы бойынша 8 өңірде - Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында 7 көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша озық өсу қарқыны қамтамасыз етілді.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ПЛАТФОРМАСЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҮКІМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КҮН ТӘРТІБІ

➢ Үкіметтің жаңа экономикалық күн тәртібі әзірленді, онда экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ету және тұрғындардың нақты әл-ауқатын арттыру бойынша құрылымдық және жйүелі шаралар кешені қамтылған.

➢ Қойылған міндеттерді тиімді шешу үшін Үкімет жанынан әрбір мемлекеттік органда Жобалық офистер құрылды.

➢ 7 басымдықты міндет пен 104 шара бойынша портфель құрылды. Оларды іске асыру бойынша жұмыстар жүйелі атқарылуда.

➢ Елбасының стратегиялық бастамаларын, Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын, Қазақстан халқына арнаған 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру үшін былтыр 8 мемлекеттік бағдарлама әзірленіп, қабылданды.

➢ Дағдарыспен күресу жоспары жасалды, онда әлемдік экономиканың түрлі даму жағдайларында макроэкономикалық, қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бойынша шаралар кешені қамтылған.

Тұрғындардың тұрақты табысын арттыру

➢ 2020 жылы бюджет саласының жұмыскерлерінің жалақысы артты

➢ шағын және микро бизнес үшін 3 жылға табыс салығын төлеуден босатуға және тексеруге мораторий жарияланды.

2020 жылы Үкімет 7 стратегиялық бағыт бойынша жұмысты жалғастырады:

1. Инвестициялық қызметті жандандыру үшін Үкімет 44 трлн теңге сомасына 2 мыңнан астам жобадан тұратын пул қалыптастырды.

2. Үкімет жұмысының маңызды басымдықтарының бірі - өнімдің жұмыс орындарын құру. Экономиканың барлық салаларында 430 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

3. Тұрғындарды тұрғын үймен және сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында:

- 2020 жылы 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. 150 мыңнан астам отбасы баспаналы болады; 2024 жылы 328 млрд теңге сомасына 53 тазарту желісі жаңғыртылып, қайта жөнделеді, оның 11-і бойынша жұмыстар 2020 жылы басталады;

- газдандыру бойынша 44 жобаны іске асыру нәтижесінде тұрғындарды табиғи газбен қамту 1,2 млн адамға дейін артады.

- "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында 190 ауылда сапалы инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша жаңа стандарттарға сай 800-ден аса жоба жүзеге асырылады. 7 жылға 900 млрд теңге қарастырылған;

- әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау және білім беру қызметтерін одан әрі қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады;

- 2026 жылға дейін ел өңірлерінде 19 ірі заманауи медицина орталығы құрылады;

- Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 210 млрд теңге сомасына тірек ауруханаларының құрылыс басталады;

- 2020 жылы "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар 2,6 мың шақырым жол салынып, қайта жөнделеді;

4. 2020 жылы индустриялық-инновациялық даму үшінші бағдарламасы іске асырыла бастайды.

Индустрияландыру картасы аясында биыл 17 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 1,1 трлн теңге сомасына 160 жоба іске асырылады.

2020 жылы шикізаттық емес экспорт көлемін $3 млрд-қа $18,6 млрд дейін арттыру көзделген.

5. 2020 жылы отын-энергетика ресурстарын өңдеу көлетін арттыру жұмыстары жалғасады.

90 млн. тонна мұнай мен 56,5 млрд. куб. м. газ алу жоспарланған.

Отын-энергетика кешені жобаларына салынатын инвестициялар көлемі 2 трлн теңге.

6. Агроөнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге баса назар аударылады:

- 2020 жылы саланың өсу қарқыны 6%-ға қамтамасыз етіледі;

- АӨК өнімдерінің импортын 6%-ға азайту;

- 40 мың жаңа жұмыс орнын құру;

- алдағы 5 жылда 4,4 трлн теңге сомасына 387 жоба іске асырылады;

- оның ішінде 2020 жылы 559 млрд теңгеге 94 жоба іске асырыла бастайды.

7. Цифрландыру:

- тұрғындарды Интернет желісі қызметімен 93%-ға дейін қамтуды арттыру шаралары қабылданатын болады; электронды форматтағы мемлекеттік қызметтер деңгейін 90%-ға дейін жеткізу; тұрғындардың цифрлық сауаттылығы деңгейін 80%-ға жеткізу;

- "Ақылды қалалар" жобасын іске асыру;

- Назарбаев Университетімен және Дүниежүзілік банкпен орталықта және жергілікті жерлерде мемлекеттік органдарда жасанды интеллект технологиясын енгізу бойынша жоба әзірленуде;

- Smart Data Ukimet жобасы аясындағы цифрлық жобалар мәліметтер интеграциясын қамтамасыз етуге, терең талдау жасауға, құжаттар айналымын төмедетуге;

- 2020 жылы АКТ саласында 137 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған, сондай-ақ цифрландыру есебінен 10 мың жаңа жұмыс орны құрылады.

Мемлекет басшысының әлеуметтік сала бойынша тапсырмаларының орындалу барысы және 2020 жылға басымдықты міндеттер туралы

АЗАМАТТАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ

Жұмыскерлердің жалақысының өсуі:

➢ 2019 ж. - 2,7 млн адам.

➢ 2020 ж. - 770 мыңнан аса адам, орта есеппен 30%

Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер

➢ 2019 ж. – 6,1 млн. - 3,1 трлн теңгеге;

➢ 2020 ж. – 6,3 млн. - 3,3 трлн теңгеге.

555 мың адамның борыш жүктемесі азайтылды.

1,2 млн. адамның айыппұлы мен өсімпұлы есептен шығарылды.

315 мың отбасы АӘК алды.

136 мың отбасы мұқтаждықтан шығарылды, 150 мың отбасы ЖҚШ дамытты.

94 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, 8,5 мың адам өз бизнесін ашты.

2,2 млн адам әкімдіктер мен демеушілер есебінен 80 млрд теңгеге қосымша қолдау алды.

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2019 жылы "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы:

➢ 660 мың адам қамтылды.

➢ 424 мың жаңа жұмыс орны құрылды (тұрақты - 66%)

➢ 58 мың адам шағын несие мен грант алды.

Жұмыссыздық деңгейі - 4,8%.

"Жұмыс орындарын құру картасы" АЖ іске қосылды.

480 кәсіби стандарт бекітілді.

2020 жылға міндеттер

➢ 11 мың отбасы бизнеске тартылды

- мөлшерлемесі 6%-дан 4%-ға дейін азайтылды, несиелендіру мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылды

- оқытусыз грант алу мүмкіндігі ұсынылды

➢ жұмыс берушілердің өтінім бойынша оқытуды ұйымдастыру

➢ 2025 ж. дейінгі еңбек нарығын дамыту болжамы

➢ Жаңа кәсіптер атласы

КӨПБАЛАЛЫ ЖӘНЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРЫ ҚОЛДАУ

2020 жылы 1 қаңтардан бастап:

➢ 372 мың отбасыға көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақы төленді

➢ атаулы әлеуметтік көмек көрсету - 200 мың отбасы

➢ кепілдендірілген әлеуметтік көмек - болжам 200 мың отбасы

Штабтар құрылды, ауылдық округтерге дейін жауапты тұлғалар анықталды, мониторинг жүргізілуде.

2020 жылға міндеттер

Аз қамтылған отбасылардан 800 мың баланы қолдаумен қамту.

11 мыңнан аса отбасының тұрғын үй жағдайын жақсарту.

350 мың АӘК алушыны жұмыспен қамту шараларымен қамту.

Мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау

2019 жылы:

➢ Ұлттық жоспар іске асырылуда

➢ ТОҚ тізімі 32-ден 55-ке дейін арттырылды

➢ Жәрдемақы мен ТОҚ үшін 400 млрд теңге бөлінді

2020 жылы:

➢ шығыстар 12%-ға артты - 448 млрд теңге.

➢ Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды

➢ мүгедектік 5 жылға берілетін аурулар тізімі бекітілді.

➢ МӘСҚ-ынан еңбек қабілеттілігінен айырылуына байланысты 75 мың алушының төлемақысы 73% дейін көтерілді.

Міндеттер:

➢ ТОҚ-пен қамтуды 70%-ға арттыру;

➢ Оңалту қызметтерінің қолжетімділігін арттыру.

Денсаулық сақтау, МӘМС енгізу

➢ "Халық денсаулығы туралы" Кодекс жобасы

➢ Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жүйесін автоматтандыру, бірыңғай call-центр 1439

➢ 2020-2025 жж. мемлекеттік бағдарламаны іске асыру:

➢ өмір сүру ұзақтығының 73 жастан 75 жасқа дейін ұзаруы

➢ 73%-дан 100%-ға дейін жабдықтау

➢ жеке инвестицияларды 1,3 трлн. теңгеге дейін арттыру.

2020 жылға міндеттер

➢ мед. көмек сапасын арттыру

- шығыстардың 50%-ға артуы

- 3,5 млн. баланы ем шараларымен қамту

➢ шығыстарды 2 есе азайту

➢ қолжетімділікті қамтамасыз ету

- диагностикалық көмек 5 есе,

- КТ, МРТ 2 есе

➢ Медициналық оңалтуды күшейту

- Елбасы қорымен бірлесіп "Қамқорлық" жобасы іске қосылды (7 оңалту орталығы)

Білім беру және ғылым жүйесін дамыту

2019 жылы

➢ 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту - 98%

➢ оқу бағдарламасын 95% жаңарту

➢ жетім балалардың 81% отбасыларда

➢ 246 мың студенттің шәкіртақысы 25%-ға артты.

"Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңы қабылданды.

2020-2025 жж. арналған мемлекеттіку бағдарлама іске асырыла бастады.

2020 жылға міндеттер

➢ Білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыру

- 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту

- бағдарламаларды 100% жаңарту, 200 мектеп салу

- қала мен ауыл арасындағы білім айырмашылығын азайту мақсатында ҒЗИ тәжірибесін тарату

- кәсіптік стандарттар негізінде колледждер мен ЖОО-лар бағдарламаларын жаңарту

Тұрғындармен жұмыс

17 өңір араланды:

➢ Үкіметтің Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруы бойынша

➢ Әлеуметтік-еңбек саласы, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру, жастар саясаты өзекті мәселелерін түсіндіру бойынша

200 ауылдық елді мекен

550 халықпен кездесу

80 мың адам қамтылды

2,8 мың мәселе

90 ұсыныс

Еріктілер жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: